Алматы тауларында қатты жел соғады

Алматы таулары
Фото: kursiv.media

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жел соғатынын ескертті.

«Таулы аймақтарда батыс жақтан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 22-28 метре дейін жетеді. Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел, дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс», — деп ескертті құтқарушылар.

Алматы қаласы ТЖД-ның мәліметінше, егер тауда болсаңыз, мұқият болып, ауа-райының өзгеруін қадағалаған жөн.

Үйге қайтуды тәуліктің кешкі уақытына қалдырмау керек, себебі, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

Рюкзактарда келесідей қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

Еске салайық, Алматыда кеше кешкі уақытта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрды. Дауылдың арты жаңбырға ұласты.

Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешікті

Сондай-ақ найзағай салдарынан Алматыда жер үй өртенді

Алматылық құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер күшейтілген қызметке көшті. 

Сондай-ақ, Алматыда үйлердің аулалары мен көшерлерді су басқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар