10:10, 08 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматы тауларында студент қыз қайтыс болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

2 мамырда Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлаған болатын. Осы оқиғадан студент қыздың жарақат алып, қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Алайда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті агенттік сауалына жауап бере отырып, қыздың мәйіті «Горельник» шатқалына жақын маңда 4 мамыр күні табылғанын және Алма-Арасан шатқалындағы оқиғаға қатысты жоқ екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
— Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылғанын жазғанбыз.