Алматы тауларында үш қыз адасып кетті

Алматы
Фото: ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған үш қызға көмектесті.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, тауда адасқан қыздар туралы ақпарат келіп түсті.

«РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты. Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді», - делінген хабарламада.

Жоғалған екі қыздың анасы құтқарушыларға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар