Алматы тауларында жоғалып кеткен турист үш күннен соң табылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы облысының тауларында үш күндік іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады.

құтқарушылар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған турист тікұшақтың көмегімен табылды.

құтқарушылар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

1982 жылғы азамат 12 қаңтарда көп күндік жорыққа аттанып, 15 қаңтарда байланысқа шықпаған соң, туыстары мазасызданып, құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және жерүсті топтары қатысты. Алғашқы екі күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар тексерілді.

құтқарушылар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Қазавиақұтқару әуе бортын пайдаланып, ер адам 2970 метр биіктікте «Сол Талғар» шатқалындағы күркеден табылды. Олмедициналық көмекке мұқтаж болмады және Алматы қаласына жеткізілді, - делінген хабарламада.

құтқарушылар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осыған дейін ТЖМ қызметкерлері Жетісу облысында 25 балықшыны құтқарғанын жазған едік.

құтқарушылар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар