Алматы түбіндегі Gate City маңында өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 28 маусымда сағат 11:09-де Өтеген батыр ауылының 8-ӨСБ байланыс пунктінің 101 желісіне Іле ауданы, Gate City кешенінің жанында орналасқан шөптің жануы туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт
Фото: видеодан алынған скрин

– Оқиға орнына келгеннен кейін құрғақ шөп жанғаны анықталды. Елді мекенге және жақын маңдағы құрылыстарға қауіп жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің ауданы белгіленуде. Жалынды сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 15 қызметкері және 3 бірлік техника, 1 су тасушы, ЖБО-дан 15 адам және 3 бірлік техника, Алматы қаласы ТЖД-ның 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 2 күн бұрын тауда жоғалған азамат іздестіріліп жатқанын жазған едік.