Алматы тұрғындары референдумда дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімдігі тұрғындарға референдумда дауыс беретін сайлау учаскесін қалай анықтай алатынын түсіндірді. 

Алматы тұрғындары референдумда дауыс беретін учаскесін қалай біле алады
Фото: ТИК Алматы

Қалада референдум күні 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Қалада бірыңғай сall-орталық іске қосылған. Тұрғындар 1308 нөміріне хабарласып, референдумға қатысуға құқығы бар-жоғын тексеріп, дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады. Сонымен бірге дауыс беру тәртібі бойынша да кеңес ала алады.

Call-орталық күн сайын 08:00–20:00 аралығында жұмыс істейді.

Сонымен қатар дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты алу үшін open-almaty.kz ресми сайтын, @almaty_referendum2026_bot Telegram-ботын пайдалануға болады. Бұл үшін ЖСН-ді енгізу қажет.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда референдумға дайындық қалай жүріп жатқаны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ Көктөбеде референдумға дейінгі уақытты көрсететін жарық инсталляциясы іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум