Алматы тұрғыны әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 млн теңге өтемақы талап етті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ер адам әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 млн. теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қойып, Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотына жүгінген. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

суд, судья, сот
Фото: freepik.com

Жауапқа тартылған азамат бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Салдарынан көптеген дене жарақатын алған әйел ауруханада қайтыс болды.

«Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн. теңгеге бағалады. Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын — оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті», — делінген хабарламада. 

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. 

Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн. теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Айман Асанова 2022 жылдың 12 қазан күні көптеген пышақ жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды. 

Кейін адвокат әйелді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды

20 маусымда Алматы соты Айман Асанованың бұрынғы күйеуін қатты психикалық толқу жағдайында өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 1,5 бас бостандығынан айырған еді.

Алайда алқабилер қатысқан апелляциялық сотта үкімнің күші жойылды.

Ақыры ер адамның экс-әйелін қасақана өлтіргені дәлелденіп, бір жарым жыл жазасы 11 жылға ұзартылды

Соңғы жаңалықтар