Алматы тұрғыны пәтеріне қоқыс қалдығын жинаған

Қоқыс
Фото: Видеодан алынған кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORMN – Алматыда көпқабатты тұрғын үйде тұратын ер адам пәтеріне қоқыс қалдығын жинаған.

Алматыда қоқыс қалдығын жинаған ер адамның видеосы желіге шықты. Видеодағы жазбада ер адамның пәтері жайлы бейнежазба желіге шыққан соң, Әуезов ауданының әкімдігі мен полиция қызметкерлері ер адамның үйіне барғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуірде аталмыш тұрғынға қатысты алғашқы хабарлама түскен.

«Тұрғындар пәтердегі ащы иіс пен антисанитарлық жағдайға шағымданған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, бастапқы материалдарды жинады. Аталған пәтердің тұрғыны заңды талаптарды орындаудан бас тартқандықтан, аталған мекенжайға комиссиялық тексеру ұйымдастырылды. Алайда, ер адам пәтер есігін ашқан жоқ», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция пәтер иесі есікті өз еркімен ашпаған соң, пәтерге кіру үшін сот шешімін күту керек екенін, себебі, есікті бұзып көруге полицияның құқығы жоқ екенін хабарлады.

Еске салсақ, Алматының ортасында пәтер отқа оранған болатын. 

Соңғы жаңалықтар