Алматы және Талғар тұрғындары жер сілкінісін сезінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM —  ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 13 маусым 22 сағат 25 мин жер сілкінісі тіркеді.

жер сілкінісі
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (шкала бойынша ): Алматы қ. – 1,6 балл, Талғар – 1,4 балл.

Зардап шеккендер жоқ, ғимараттар қирамады.

Соңғы жаңалықтар