03:38, 05 Маусым 2025 | GMT +5
Алматы жолдарында 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара басталғалы бері Алматыда жол қауіпсіздігіне байланысты 52 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Кең тараған құқықбұзушылықтар қатарында:
• Маневр жасау ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі;
• Қарама-қарсы бағытқа шығудың 222 жағдайы;
• Бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетудің 453 дерегі;
• 439 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталған.
Жалпы 2 775 көлік айыппұл тұрағына қойылған, оның 935-і мопед. Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бірнеше көше екі айға жабылғанын жазғанбыз.