Алматы жұрты 29 қарашада қоғамдық көлікпен тегін жүре алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мәслихат депутаттарын сайлау күні тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көлікте тегін жүре алады.

Алматы жұрты 29 қарашада қоғамдық көлікпен тегін жүре алады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, қалада барлық автобус, троллейбус және метрода күні бойы жол жүру тегін болады.

Бұл шара дауыс беру күні қала тұрғындарының қатынауын жеңілдету үшін қолға алынған.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көліктің жұмысын ескере отырып, сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Еске салсақ, Алматыда 29 қарашада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін жаздық.

Сонымен қатар Алматыда сайлау заңнамасын бұзған 13 дерек анықталды.