Алматы зообағына жараланған марал жеткізілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ақсай шатқалындағы саяжай маңынан жаралы жабайы марал табылды. 

Алматы зообағына жараланған марал жеткізілді
Фото: видеодан скрин

«Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінен мәлім еткендей, 25 шілде күні сағат 20:00 шамасында Ақсай шатқалындағы саяжай тұрғындарының бірі парк қызметкерлеріне хабарласып аймақта әлсіреген маралдың жүргенін және оған ветеринарлық көмек қажет екенін жеткізді.

Аталған мекенжайға дереу Ұлттық парктің Ақсай филиалының жедел тобы шықты.

«Мамандар жабайы жануарды қарап шығып, жағдайды басшылыққа жеткізді. Уақыт кеш болғандықтан, маралды «Aksay river» демалыс аймағының қорасына қалдырып, келесі күні жануарды Алматы хайуанаттар бағына тексеріп, ветеринарлық емдеу үшін тасымалдау туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада. 

26 шілде күні Алматы зообағының бас ветеринары жаралы бұғыны қарады. Кейін жабайы жануар арнайы көлікпен хайуанаттар бағына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар