Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы хайуанаттар саябағында жыл басынан бері сирек жануарлар қатары толығып, келушілер санының артқаны байқалады.   

Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, 2026 жылы 11 қаңтарда амур жолбарыстары Бентли мен Яргиден үш бірдей күшік дүниеге келді. Алғашқы апталарда шөнжіктер енесімен бірге болды. Көктем келгесін вольерге шығып, жаңа ортаға бейімделе бастады.

Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі

— Қазіргі уақытта олар енесін еміп жүр, дегенмен қатты тағамға да қызығушылық танытып, күн өткен сайын белсенділігі артып келеді. Көктемгі маусымның басталуына байланысты жылуды жақсы көретін жануарлар да жазғы вольерлерге шығарылды. Пілдер, керіктер, мүйізтұмсықтар, зебралар, тапирлер мен пеликандар ашық алаңдарға шығып, еркін қозғалып, табиғи тіршілігін жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы зообағында амур жолбарысының үш күшігі дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі

Қазіргі таңда зообақта инфрақұрылымды дамыту, жануарларды күтіп-бағуға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар келушілерге арналған танымдық бағдарламалар да кеңейтіліп келеді.

Еске салайық, Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын табыстайтынын хабарлаған едік.

Амур жолбарыстары — бұрын Орталық Азия аумағында мекендеген тұран жолбарыстарының ең жақын туыстары; Қазақстанда олар 1948 жылға қарай жойылып кеткен. Аталған бағдарлама арқылы республикада олардың популяциясын қалпына келтіру көзделген.

Соңғы жаңалықтар