21:48, 21 Шілде 2024 | GMT +5
Алматы зообағында теңбіл бұғы төлдеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы зообағындағы теңбіл бұғы төлдеп, қос баласы өмірге келді. Бұл туралы хайуанттар бағының әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Бізде қуанышты жаңалық бар! Теңбіл бұғыларда толықтыру — екі төл дүниеге келді! Бұл сүйкімді сәбилер қоршаған әлемді зерттей бастады және белсенділігімен, ойнақылығымен қуантады. Біздің зообаққа келіп, жаңа тұрғындармен танысыңыздар! Олар сіздерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлайтынына сенімдіміз», — деп жазды зообақтың баспасөз қызметі.