10:46, 24 Шілде 2024 | GMT +5
Алматыда 10 жасар баланы лифтіде ұрған ер адам ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның кішкентай балаларға лифт ішінде күш көрсеткен бейнежазбасы тарады.

Бейнероликте оқиға 23 шілде күні сағат 16:36-те болғаны жазылған. Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.
– Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлайды департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтірген әйел ұсталған еді.