Алматыда 100 «инватакси» мүмкіндігі шектеулі дауыс берушілерді тасымалдап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін республикалық референдум күні қалада мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынды. 

Алматыда 100 «инватакси» мүмкіндігі шектеулі дауыс берушілерді тасымалдап жатыр
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

«Инватакси» арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолжетімді. Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетіп жатыр. 

«Инватакси» қызметін мына диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы шақыруға болады:

* арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: * +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp); 

* көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14. 

Алматыда 100 «инватакси» мүмкіндігі шектеулі дауыс берушілерді тасымалдап жатыр
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін 20 кезекші автокөлік бөлінген. Кезекші автокөлікті мына нөмір арқылы шақыруға болады:  338-30-09. Осы нөмір арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдана алады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда референдум учаскесінде әнұран ым-ишара тілінде орындалғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматы әкімі дауыс бергенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар