Алматыда 12 мұз айдыны тегін болады
АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматыда мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тегін ашық мұз айдыны жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық спорт басқармасы мәлім етті.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші желтоқсанан бастап шаһарда 12 мұз айдыны ашылады.
Кіру тегін. Конькиді сол жерден жалға алуға болады. Жалға алу құны – 1,5 мың (2 сағат) теңге.Өзіңіздің конькиіңізбен сырғанау толықтай тегін. Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мұз айдындары күн сайын келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейтін болады:
- Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы;
- Halyk Arena;
- 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақ;
- Тұңғыш Президент саябағы;
- Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң;
- ҚБТУ тұрағы;
- «Авиатор» стадионы;
- Көкжиек ш/а;
- «Гүлдер» саябағы;
- Алматы Арена;
- №6 оқушылар үйі;
- Мүсірепов атындағы жасөспрімідер теартының алды.
«Барлық мұз айдынының өткізу қабілеті бір маусымда 300 мыңнан астам адам. Ашық мұз айдыны бойынша жобаны спорт басқармасы 2017 жылдан бастап іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде оларға 2 миллионнан астам адам келді», - деп атап өтті әкімдіктен.