18:46, 21 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыда 127 мың оқушы тегін тамақпен қамтылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жаңа оқу жылында 1–4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 16,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов айтты.

Оның сөзінше, мегаполисте 127 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Одан бөлек «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Всеобуч» қоры 13 мың балаға мектеп формасын сатып алуға 715 млн теңге, әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 10 мыңнан астам оқушыны тамақтандыруға 1,4 млрд теңге бөлді.
Сонымен қатар 2025–2026 оқу жылына Алматы қаласы 3,3 млрд теңгеге 884 мыңнан астам оқулық сатып алып жатыр. Ол үшін баспа және жеткізуші компаниялармен келісімшартт жасалып қойған.
Еске салайық, бұған дейін мектепте тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді.