Алматыда 1275 адамды кене шаққан

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы медицина мекемелеріне кене шаққан 1275 тұрғын жүгінді, оның ішінде 619 -ы 14 жасқа дейінгі балалар.

кене
Фото: pixabay

«Шұғыл медициналық көмек барлығына дер кезінде көрсетіліп, белгілері бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене энцефалиті тіркелген жоқ», - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Эпидемиологтың айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы вакцинация.

«Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну керек, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынады»,- деп атап өтті дәрігер.

Кене инфекцияларының алдын алу мақсатында осы жылдың 13-ші мамырынан бастап қалалық саябақтар мен скверлерде өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Өңдеу жұмыстары Алатау, Алмалы, Әуезов және Жетісу аудандарында аяқталды.

Соңғы жаңалықтар