Алматыда 13 сағат бойы тоқтаусыз қар жауып тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қардың тоқтаусыз жаууына байланысты тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Снег и метель накроют большую часть Казахстана
Фото: Александр Павский / Kazinform

Қар 16 қаңтар күні сағат 7:00–де басталып, 20:00–дегі жағдай бойынша шамамен 13 сағат бойы жауып тұр. «Қазгидромет» РМК болжамынша, бірде тоқтап, бірде жауып 18 қаңтар таңға дейін жалғасады. Қалаға шамамен 7 см қар түсті.

— Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қар тазалау жұмыстарына 2,8 мыңнан астам жол саласы жұмысшысы және 1 250 арнайы техника жұмылдырылған. Жолдың қауіпті учаскелерде, еңістер мен жотада, сондай-ақ жолайырықтарында көктайғақтың алдын алу және оны жою мақсатында 75 жедел бригаданың күшімен патрульдеу ұйымдастырылды. Бұған қоса, қарды сырып тазалаумен айналысатын 28 колонна қосымша тартылды, — деп хабарлады Алматы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.

Ведомствоның хабарлауынша, жолдың бойы, тротуарлар, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары, жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустар арнайы техникалардың көмегімен және қолмен тазаланып, жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

— Сағат 22:30–23:00 аралығында арнайы техника көшелерді қарқынды тазалауды жалғастырады, ал түнгі уақытта қаланың магистральдық көшелерінен қарды жаппай шығару ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

Коммуналдық қызметтер қала тұрғындарын мүмкіндігінше автокөліктерін жол жиегіне қоймауды және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге үндеді.

Еске салайық, 2026 жылғы 16 қаңтарда Алматыда ауа райына байланысты кептеліс 10 балға жетті.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар