Алматыда 13 жезөкшелер үйі анықталды

Алматыда жезөкшелер үйін анықтау мақсатында қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

притон
Фото: СҚО полиция департаменті

Полицияның мәліметінше, өткен демалыс күндері Алматыда боди-массаж салондары түрінде қызмет көрсеткен 13 жезөкшелер үйі анықталды. Онда 51 жеңіл жүрісті қыз интимдік қызмет көрсеткен, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екендігі анықталды. Олар полиция департаментінің қабылдап-тарату орнына әкелінді.

"Жалпы, интимдік қызмет көрсеткен әйелдерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы және ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы бойынша 67 хаттама толтырылды. Ал ғимарат иелеріне жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар