Алматыда 131 мопед айыппұл тұрағына қойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Мопед» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 

Алматыда 131 мопед айыппұл тұрағына қойылды
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, мопедтер мен электрсамокаттардың қозғалысын бақылауға бағытталған іс-шара басталғаннан бері 637 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Олардың қатарында:

• көлік құралын масаң күйде басқару — 5 дерек;

• мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің болмауы — 12;

• сақтандырусыз көлік басқару — 46;

• жалған нөмірмен жүру — 1;

• жүргізу құқығының болмауы — 35;

• жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік басқаруы — 4;

• техникалық байқаудан өтпеу — 47;

• жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзу — 8;

• рөлде отырып ұялы телефон қолдану — 12 дерек.

Іс-шара барысында 131 мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

— Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам түрлі жарақат алған. 2025 жыл — Профилактика жылы деп жарияланды. Біз барлық мопед, электрсамокат және балама көлік құралын басқарушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деді Жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Еске салайық, бұған дейін аптап ыстыққа байланысты үлкен тасжолдарда полиция күшейтілген режимде қызмет етіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар