Алматыда 14 мамырда дабыл жүйесі іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 14 мамыр сағат 11:00-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді.

Алматыда 25 ақпанда дабыл сиреналары іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада дабыл жүйелері іске қосылып, мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберіледі.

– «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген жағдайда теледидар немесе радионы қосып, мобильді қосымша мен ресми интернет-ресурстардағы ақпаратпен танысу қажет. Тұрғындарға алдын ала дабыл сөмкесін дайындап, ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен алыс орналасқан ашық қауіпсіз алаңға баратын бағытты анықтап алу ұсынылады, - делінген хабарламада.

Алматыда халықты қабылдауға арналған 384 пункт ұйымдастырылады.

Ақпаратты 2GIS сервисіндегі «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» сұранысы арқылы, сондай-ақ Алматы төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің ресми сайттарынан оқуға болады.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда төтенше жағдайға қарсы заманауи дабыл жүйесі қосылатынын жазғанбыз.