Алматыда 15 наурызда қоғамдық көлік тегін болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 15 наурызда Алматының қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады.

Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлік тегін болады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл шешім республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.

Автобус, троллейбус және метрополитен сынды қалалық қоғамдық көліктің барлық түрінде жолаушылардан ақы алынбайды. Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы жексенбі күні жолақы төлеу тәсіліне және пайдаланылатын электронды билет жүйесіне қарамастан қоғамдық көлікті пайдалана алады.

– Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні Алматы бойынша еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, еліміздің жаңа Конституциясы бойынша жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді. Бұған дейін алдағы маңызды оқиғаға мегаполисте дайындық қалай жүріп жатқаны туралы Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясы түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум