Алматыда 15 наурызда «Инватакси» қызметі тегін болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мүгедектігі бар тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған.
– Референдум күні қалада 170 «Инватакси» автокөлігі жұмыс істейді. Оның ішінде 36 арнайы жабдықталған көлік және 2020 жылдан ерте шығарылмаған 134 жеңіл автомобиль бар. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін қосымша 20 кезекші автокөлік тартылады, - делінген хабарламада.
«Инватакси» қызметіне диспетчерлік қызметтердің телефон нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады.

Арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін:
+7 707 710 60 50;
+7 747 195 35 75;
+7 747 402 64 15.
Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78;
+7 705 980 87 09;
+7 705 831 48 14.
Сондай-ақ референдум күні кезекші автокөлікті +7 700 151 0701 немесе 338-30-09 нөмірлері арқылы шақыруға болады.
– Көрсетілген нөмірлерге тұрғындар «Инватакси» қызметінің сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе тасымалдау барысында мәселелер пайда болса да хабарласа алады. Бұл іс-шаралар азаматтардың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге және республикалық референдумға қатысу үшін баршаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған, - деп хабарлады әкімдік.
Еске салайық, бұған дейін 15 наурызда Алматының қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын хабарлаған едік.