Алматыда 16 қараша марафонға байланысты кей көшелер жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — City Run марафонына байланысты 16 қараша күні Алматыда кейбір көшелер жабылады.
«Смелость быть первым» қорының мәліметінше, биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 қатысушы қатысады. Спорттық шара ұйымдастырушылары 16 қараша күні сағат 08:00–ден 10:00–ге дейін қала көшелеріндегі қозғалыс ішінара шектелетінін хабарлады. Спортшылар қашықтықты өткен сайын қозғалыс кезең-кезеңімен қайта ашылады.
15 қараша сағат 04:00–ден 16 қараша сағат 12:00–ге дейін Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін Төле би көшесі жабылады.
16 қараша
08:00–10:00
* Төле би көшесі — Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін;
08:00–10:00
* Наурызбай батыр көшесі — Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін;
08:00–09:35
* Бөгенбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
08:00–09:15
* Қабанбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
08:00–08:55
* Шевченко көшесі — Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін
08:00–08:35
* Құрманғазы көшесі — Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жабылады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада мыңға жуық адам марафонға қатысты.