Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz

Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. 

27 қаңтар күні Бостандық ауданы аумағында, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелері маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірім оқиға алдында жазба қалдырған болуы мүмкін.

Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады.

– Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр, - деді Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов өз өмірін қиған Назарбаев Университетінің студенттеріне қатысты істі тергеу амалдары туралы түсінік бергенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар