17:49, 05 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматыда 17 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 17 жастағы мектеп оқушысы қайғылы жағдайда қаза тапты.

Жасөспірім 3 қыркүйекте өзіне қол жұмсаған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
— Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Таразда 15 жастағы жасөспірім суицид жасағанын жазғанбыз.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің мәйітін оның кенже қарындасы тауып алған. Жедел жәрдем бірден шақырылғанымен, мектеп оқушысын құтқару мүмкін болмады.