Алматыда 1700 литр компот қайнатылып, Гиннесс рекордтар кітабына енді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда қала күніне орай Тұңғыш Президент саябағында өткен Apple Fest фестивалі аясында 1700 литр алма компоты дайындалды. Фестиваль тарихында мұндай нәтиже алғаш рет болып отыр және Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Сусын сатудан түскен қаражат қала саябақтары үшін құс үйлерін, қоректендіргіштерді, ағаш көшеттері мен бұталарды сатып алуға бағытталады. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Apple Fest фестиваліне биыл 50 алматылық бау-бақша шаруашылығы 130 тоннадан астам алма, соның ішінде танымал «апорт» сортын әкелді. Сондай-ақ, саябақ аумағында Шапито циркі ашылды. Бұл цирк өз жұмысын 25 қыркүйекке дейін жалғастырады.

Еске салайық, Тоғыз адам Алматы қаласының құрметті азаматы атанды. 

Сондай-ақ алматылықтар мерекелік концерттен кейін қоқысты жинап кетті. 

Соңғы жаңалықтар