Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сайран көлінде қайта жаңғырту жобасы бойынша негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 

Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын «Павлодар өзен порты» АҚ мердігер ұйымы жүргізді. 

Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады
Фото: Алматы әкімдігі

Қазір инженерлік желілер (суару, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру жүйелері) салынып, көл жағалауы нығайтылған және бөгет салынған. Ал көгалдандыру жұмыстары аясында 3 400-ден астам ағаш, 15 000-ға жуық бұта мен гүлзар отырғызылған. Жалпы көгалдандырылған аумақтың көлемі - 261 мың шаршы метр.

– Жоба қазір соңғы сатыға өтті. Бұл кезеңде жағажай аймағын ретке келтіру, тротуар плиталары мен асфальт төсеу, шағын архитектуралық пішіндерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады
Фото: Алматы әкімдігі

Мердігер ұйым барлық дайындық шараларын аяқтағаннан кейін көлді сумен толтыруды бастайды. Су толтыру процесі де кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылады.

– 2 маусымда су толтыруды бастаймыз. Бастапқы кезеңде 50 пайыз көлемінде су толтырылады. Сол арқылы судың ағыны мен көлемін және жүйелердің жұмысын бақылап көреміз. Барлығы ойдағыдай болса ары қарай толық толтыру кезеңіне өтеміз, – деді мердігер ұйымның өкілі Ринат Зілмұхамедов.

Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырылады
Фото: Алматы әкімдігі

Жобаның соңғы кезеңінде мердігер ұйым атқаратын жағажай аймағының қауіпсіздігін тексеру, суару жүйесін толық ретке келтіру, ұсақ ақауларды жою және ландшафтты жұмыстарды толық аяқтау сынды қосымша міндеттері бар. Қайта жаңғыртылған Сайран көлі барлық қажетті сынақтар мен су толтыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін қала тұрғындарының игілігіне берілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары 90 пайызға орындалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар