Алматыда 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» іс-шарасының қорытындысын жариялады.

полиция
Фото: акимат Алматы

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мегаполисте 15-30 қыркүйек аралығында полиция қызметкерлері 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтаған. Атап айтқанда:

• көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарудың 266 дерегі;

• рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті пайдалану бойынша 109 дерек;

• техникалық байқаудан өтпеген көлікті жүргізудің 739 дерегі;

• жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын бұзудың 1 мың 241 дерегі;

• маневр жасау ережелерін бұзудың 1 мың 883 дерегі;

• апаттық жағдай тудыру - 592 дерек;

• мас күйінде көлік басқару - 105 дерегі;

• жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу - 657 дерек;

• жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 2 мың 435 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, 2 мың 208 автокөлік, оның ішінде шетелдік тіркеудегі 89 көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

- Барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға, бір-бірін құрметтеуге шақырамыз. Қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстаңыздар, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Еске салайық, Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам мерт болды.

 

Соңғы жаңалықтар