Алматыда 2025 жылы «Инватакси» автопаркін ұлғайту жоспарланып отыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Инватакси» қызметін пайдаланушылар саны артты. Осыған байланысты автокөліктердің саны 130-ға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы қала мәслихаты мәлім етті.

инватакси
Фото: Алматы мәслихаты
инватакси
Фото: Алматы мәслихаты

— Алматыда «Инватакси» қызметіне сұраныс жоғары. Осыған орай автокөліктердің саны 130-ға дейін ұлғайтылады, бұл 2,7 мыңнан астам мүгедек адамды көлік қызметімен қамтуға мүмкіндік береді. Ай сайын «Инватакси» арқылы 30 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы мәслихаттың алдағы сессиясында қаралады,— деп атап өтті қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінен.

инватакси
Фото: Алматы мәслихаты

Бұдан басқа, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында азаматтардың сегіз санаты үшін өтемақы төлеу жалғасады, бұл коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін өтеуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін Алматыға электр қуатымен жүретін 200 және газбен жүретін 600 автобус сатып алынатыны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар