Алматыда 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспар әзірленуде

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласында 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспар бекітіледі. Көгалдандыру және жасыл қорды дамыту мәселесі қала әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

ва
Фото: Алматы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде жасыл аймақтар 22,59 мың гектар аумақты алып жатыр. Бұл қала аумағының 33 пайызына тең. Алматыда 4 миллионнан астам ағаш өседі, оның шамамен 2,3 миллионы қоғамдық орындарда орналасқан.

Жоспарды әзірлеу аясында жасыл желекті түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, далалық таксация жасалып, қаланың барлық сегіз ауданындағы топыраққа талдау жүргізіледі және тұрақты тұқымдық құрам қалыптастырылады. Әр аудан үшін жеке құжат әзірленеді.

2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 5–6 метрлік 7,2 мың ірі көлемді ағаш, 40 мың көшет және 500 мың көпжылдық бұта бар. Ағаш отырғызу магистральдық көшелер бойында, өзен жағалауларында және қайта жаңартылып жатқан көшелерде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Алматыда британдық Coventry University жаңа кампусы ашылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум