Алматыда 24-27 қараша аралығында қай аудандарда жарық өшіріледі

АЛМАТЫ.KAZINFORM- Алматыда 24-27 қараша аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде электр жарығы уақытша сөндіріледі. 

свет
Фото: pixabay

Жоспарлы жұмыстар тұрғын үйлерге, шағынаудандар мен түрлі ұйымдарға әсер етеді.

24 қарашада Самғау, Шаңырақ, Орбита-4, Рахат, Архат шағынаудандарында, сондай-ақ Құлжа жолы, Райымбек, Сүйінбай, Достық және басқа да көшелерде жарық өшіріледі.

25 қарашада Самғау, Таусамалы, Маяк, Мирас, Көктөбе шағынаудандарында, сондай-ақ Сейфуллин, Мәметова, Жароков, Жандосов және басқа да көшелердегі кейбір үйлерде электр жарығы болмайды.

26 қарашада Самғау, Қарағайлы, Широкая Щель, Каменское плато шағынаудандарында, сондай-ақ Абай, Мынбаев, Луганский, Төле би және басқа да көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

27 қарашада Көктем-2, Таусамалы, Қарағайлы, Ақжар шағынаудандарында, сондай-ақ Абылай хан, Желтоқсан, Достық және басқа да көшелерде электр жарығы уақытша сөндіріледі.

Жөндеу жұмыстары негізінен сағат 08:00–ден 17:00–ге дейін, ал кейбір желілерде 09:00–ден 17:00–ге дейін жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бірқатар аудандарында жарық өшірілген еді.