Осы апта Алматының қандай аумағында жарық өшіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 9-13 қараша аралығында электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты бірқатар көшеде  электр энергиясы уақытша өшірілуі мүмкін.

жарық өшеді
Фото: Kazinform/ЖИ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ осы аптаға арналған жоспарлы жұмыстар кестесін жариялады. Аумаққа байланысты бұл жұмыстар негізінен сағат 08:00 немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Электр энергиясын өшіру келесі кесте бойынша жоспарланған:

9 қараша – жұмыстар Сүйінбай, Райымбек, Абай даңғылдарының, Байтұрсынов, Тимирязев,Желтоқсан, Назарбаев көшелерінің жекелеген учаскелерін, сондай-ақ Ақжар, Қалқаман, Қарағайлы,Таугүл және Мұзтау шағынаудандарын қамтиды.

10 қараша – жарық Абай, Райымбек, Төле би, Бөгенбай батыр даңғылдарының, Сейфуллин, Дүйсенов, Розыбакиев, Түркебаев көшелерінің жекелеген учаскелерінде, сондай-ақ Айгерім-1, Ақжар, Алғабас және Таугүл шағынаудандарында өшуі мүмкін.

11 қараша – кестеге Қазыбек би, Желтоқсан, Сәтбаев, Жандосов, Әуэзов көшелерінің, Жансүгіров даңғылының жекелеген учаскелері, сондай-ақ Ақжар, Қалқаман және Қарағайлы шағынаудандары енді.

12 қараша – электр энергиясын өшіру Абай даңғылының, Гоголь, Панфилов, Құрманғазы, Жандосов, Дулати көшелерінің жекелеген учаскелерінде, сондай-ақ Ақжар, Қалқаман және Достық шағынаудандарында жоспарланған.

13 қараша – жұмыстар Жамбыл, Сәтбаев, Наурызбай батыр, Луганский көшелерінің жекелеген учаскелерінде, сондай-ақ Ақжар, Қарағайлы және Таугүл шағынаудандарында өтеді.

Жарық өшірілетін мекенжайлардың толық тізімі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сайтында жарияланған.

Еске салайық, бүгін Алматы метросында төлем жүйесіндегі ақау кесірінен кезек пайда болды.