Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 2,6 млрд теңгелік инвестициялық жобаға кедергі болған мәселе шешілді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда құны 2,6 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірген әкімшілік тосқауыл жойылды.

инвестиции
Коллаж: Kazinform

Мәселе Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің араласуынан кейін шешілген.

Бас прокуратураның мәліметінше, «Black Biotechnology» ЖШС органикалық мал азығына арналған қоспалар өндіретін зауыт салып жатыр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 40 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

— Жыл басынан бері инвестор өндірілетін өнімді отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік органға бірнеше рет өтініш берген. Алайда әр жолы «бас тарту» деген жауап алған. Бұл компанияның өнімін өткізу мүмкіндігін шектеп, сату нарығын кеңейтуіне кедергі келтірген, — делінген хабарламада.

Бұл жағдай компанияның өнімін өткізу мүмкіндігін шектеп, сату нарығын кеңейтуіне кедергі келтірген.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті араласқаннан кейін кәсіпорын тиісті тізілімге енгізілді. Нәтижесінде әкімшілік кедергі жойылып, инвестициялық жобаны әрі қарай жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

Заңсыз бас тартуға, әкімшілік кедергілерге немесе инвестициялық жобаларды іске асыруға заңсыз араласуға тап болған инвесторлар 115 Call-орталығына жүгіне алады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында инвесторлардың жұмысына кедергі келтірген 18 шенеунік жазаланғанын хабарлағанбыз.