Алматыда 4 автобустың бағыты уақытша өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда қала күніне орай мерекелік іс-шаралардың өтуіне байланысты жол жабылып, бірнеше автобус ауысады. 

Алматыда 4 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Фото: Александр Павский/Kazinform

№148 мектеп-гимназиясы ауданындағы Омаров көшесінде Қала күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді. Соған байланысты 18 қыркүйек сағат 15:00-ден 19 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін №17, №46, №93 және №123 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.

№ 17
Солтүстік бағытта: Серіков көшесі (шығыс) – Жансүгіров көшесі (солтүстік) – Жұмабаев көшесі (батыс) – әрі қарай сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі (шығыс) – Жансүгіров көшесі (оңтүстік) – Серіков көшесі (батыс) – әрі қарай сызба бойынша.

№ 46
Солтүстік бағытта: Серіков көшесі (шығыс) – Жансүгіров көшесі (солтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Жансүгіров көшесі (оңтүстік) – Серіков көшесі (батыс) – әрі қарай сызба бойынша.

№ 93

№ 123

Еске салайық, Алматыда қала күніне орай автобустардың бағыты өзгеретіні айтылды.