Алматыда 40 жылға жуық қолданылған құбыр ауыстырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды.

жөндеу жұмыстары
Фото: Алматы әкімдігі

Ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. 1986 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылып, қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұр. 

— Биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Осыған дейін Алматыда көшелерді ұзарту үшін 35 млрд теңгеге жер учаскелері сатып алынатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар