Алматыда 47 жастағы ер адамды микроавтобус басып кетті

Алматыда таңғы уақытта белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан ер адам микроавтобустың астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Kazinform.

На треть снизилось количество ДТП в Жамбылской области
Фото: Kazinform

Жол апаты бүгін таңғы 05.20 шамасында Бұқтырма-Майлин көшелерінің қиылысында болған. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бұқтырма көшесімен солтүстік бағытта «Iveco» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан Ж. есімді азамат Майлин көшесіне оңға бұрылу кезінде белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1976 жылы туған И. атты жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Ол оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция.

Соңғы жаңалықтар