Алматыда 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Алматыда құрғақ шөп жануының 300-ден астам жағдайы тіркелді.

Алматыда 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланды
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, қалада 28 шілдеге дейін күндізгі температура 35–39°C дейін көтеріледі. Сондықтан мегаполистің аймақтарында өрт қауіптілігінің 5-ші санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін.

Қәзіргі таңда Әкімшілікпен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы құрғақ шөп шабылған.

- Қала тұрғындары мен қонақтарынан құрғақ шөп жанындағы от жағудан, шылым шегуден және шөп пен сабанды өртеуден бас тартуды сұраймыз, - деп хабарлады ТЖД.

Департамент өрт салдарынан ауыр зардаптар орын алса, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Кеңсай-1 аумағындағы тау бөктерінде өрт шықты.
https://kaz.inform.kz/news/almatinda-kensay-1-aumagindagi-tau-bokternde-shikkan-ort-okshaulandi-6cafc5/

Сондай-ақ Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенді.

Соңғы жаңалықтар