Алматыда 50-ден астам ескерткіш түнгі жарықпен жабдықталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында тарихи әрі мәдени ескерткіштерге түнгі уақытта жарық беру жұмысы жүргізілді. Жұмыс қаланың барлық аудандарын қамтыды. Шара аясында 56 монумент пен бюст те жарықтандырылды. Қосымша жарықтандыру үшін 128 прожектор орнатылды.

«Алматы Қала Жарық» МКК бас инженері Әлімұхамед Жалпақовтың айтуынша, мүсіндер мен кешендерді жарықтандыруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінген жоқ.

«Бір жерде азғантай жарық болды, біз оның жұмысын жақсарттық. Ескерткіштер мүлдем жарықтандырылмаған жерде біз монумент алды құрылымның барлық ұлылығын жарықпен көрсету үшін қолда бар ресурстарды қолдандық. Қазір көптеген қала тұрғындары мен қонақтары бұл сұлулықты суретке түсіру және еске алу үшін қараңғы уақытта ескерткіштерге арнайы келеді», - деді ол.

Жарықтандырылған ескерткіштер тізімінде Абай, Әл-Фараби, Райымбек батыр, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев ескерткіштері, Ұлы Отан соғысының батырлары мен интернационалист-жауынгерлерге, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бірқатар мемориалдар, Алматы қаласының құтқарушыларына арналған ескерткіштер, және өзге де монументтер бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бейберекет таксистер мәселесі қалай шешілетінін жазғанбыз.
