19:25, 26 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Алматыда 6 жасар баланы ұрған бұрынғы қоғамдық кеңес мүшесі жазаланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу аудандық соты 6 жасар баланы екі рет ұрғаны үшін айыпталған бұрынғы қоғамдық кеңес мүшесінің ісін қарады.

Бұл туралы адвокат Жанна Уразбахова әлеуметтік желіде жазды.
Оның айтуынша, айыпталушы кінәсін мойындамаған. Сот жиналған дәлелдер мен сарапшылардың қорытындыларына сүйене отырып, оны кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Одан бөлек жәбірленуші тараптың талап-арыздары қанағаттандырылып, сотталған адамнан адвокат қызметі мен медициналық тексеру шығындары өндірілді.
Еске салайық, Алматыда 6 жасар баланы ұрған күдіктіге қатысты іс қозғалды.
Кейін қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесінің ісі сотқа жолданды.