Алматыда 6 жасар баланы ұрған күдіктіге қатысты іс қозғалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы мейрамханалардың біріндегі ойын бөлмесінде ер адам 6 жастағы баланы ұрды.

Алматыда 6 жасар баланы ұрған күдіктіге қатысты іс қозғалды
Фото: СҚО ПД

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда балаға қол көтерген азаматтың Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі екені айтылған.

Анасының айтуынша, белгісіз ер адам 6 жасар баланың кеудесінен екі рет ұрған. Сол сәтте бала арқасын ұстап, қиналып, не істерін білмей қалған. Бөлмеде отырған жасөспірім қыз ер адамға ескерту жасаған кезде, оған да айғайлаған. Баланың анасы келгенде ер адам кешірім сұраудың орнына дөрекі сөйлеген. 

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша, өылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайлар анықталғаннан кейін процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар учаскелік инспектор оқиға орнына «102» пультіне хабар түскеннен кейін 6 минут ішінде келді, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін биыл елде 4 айдың ішінде балаларға қатысты 1 309 қылмыс тіркелгені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар