Алматыда 69 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Алматыда бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

 жол апаты
Фото: Kazinform

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткенін көруге болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апаты 29 қараша күні таңғы сағат 08:30-да Алматының Бостандық ауданында болғанын айтты.

«Hyundai Creta» және «Mercedes» көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне солға бұрылып жатқанда «Hyundai» машинасының жүргізушісі алдында тұрған «Mercedes» көлігін соғады. Ал «Mercedes» инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қағып кетеді. Зардап шекккен әйел қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді», - деп атап өтті Салтанат Әзірбек.

Полиция өкілі аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty (@kris__p__almaty)

Соңғы жаңалықтар