Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары аяқталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды. Алматы қалалық мобильділік басқармасынан мәлім еткендей, строительная көшесінен қала шекарасына дейінгі соңғы 600 метр жолдың бойындағы жұмыс аяқталды. 

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы әкімдігі

– Қазір жолдың екі жағында жаяу жүргіншілер жолы, веложолдар, қосымша жолдар және іргелес аумақты көркейту жұмыстары қолға алынды. Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен басталатын ұзарған бөлігінің жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым. Бұл бағытта алты жолақты жол, Қарғалы өзеніндегі көпір, Әшімов көшесімен қиылысатын жолайырық, 6 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі және 4 бағдаршам нысаны салынды, - деп атап өтті басқармадан.

Айта кетейік, қазір Мөңке би көшесінде ұзарту жұмыстары аяқталды. Рысқұлов даңғылы, Саин көшесі, Солтүстік айналма жолы және Тілендиев көшесін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Осыған дейін Алматының Абай, Төле би, Жұбанов көшелерін ұзарту жұмыстары қашан аяқталатыны туралы хабарлаған едік. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көшелерді ұзарту үшін 35 млрд теңгеге жер учаскелері сатып алынғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар