Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы келген есірткі тәркіленді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесінің жолын кесті.

Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылған.
- Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл-жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы - жұмысымыздың басты қағидаларының бірі, — деді Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Еске салайық, клімізде бір аптада 750 келіден астам есірткі тәркіленді.