Алматыда ақша бопсалаған блогерлер екі айға қамалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ақша бопсалаған екі блогер қамауға алынды.

к
Коллаж: Kazinform

— Бопсалау фактісі бойынша ұсталған күдікті блогерлер сот санкциясымен екі айға қамалды, — делінген Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған дейін Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстаған болатын.

Айта кетейік, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.

Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Күдіктілер 10 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды.

Еске салайық, бұған дейін жетісулық блогердің де кәсіпкерден ақша бопсалағаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар