Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, ҚР Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша, Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды.

 Данияр Қырықбаев
Фото: Алматы әкімдігі

Данияр Қырықбаев 1986 жылғы 29 сәуірде Алматы облысының Жамбыл ауданында туған.

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қызмет атқарды: «Қазақстан темір жолы» АҚ, Бас прокуратура, Парламент Сенатының Аппараты мен Жоғарғы сотта жұмыс істеді. Алматы бойынша соттар әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы филиалының директоры болды.

2021 жылдан бастап Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

Айта кетейік, 2024 жылғы сәуірден бері Алматы қаласы Қала құрылысына бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін Алатау ауданының әкімі қызметін Талғат Малыбаев атқарған еді.

Соңғы жаңалықтар