Алматыда алғаш рет нейростимулятор орнату бойынша ота жасалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет айқын созылмалы ауырсыну синдромы бар пациентке жұлын нейростимуляторы имплантацияланды.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, құрылғы ауырсыну сигналдарын бөгейтін электр импульстарын беріп, ауырсыну сезімін едәуір азайтуға немесе толық жоюға мүмкіндік береді.

Электродтар жұлынның VI–VII мойын және I–II кеуде сегменттері проекциясына орнатылған.
– Жұлын нейростимуляторын имплантациялау жоғары технологиялық медициналық көмек түріне жатады және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін трактор басып кеткен Ақмола облысының тұрғынына аудан тарихындағы ең күрделі ота жасалды.