Алматыда «Әлия, Мәншүк» алаңындағы сквер қайта жөнделеді

қос батырдың сквері
Фото: Википедиядан алынған

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев «Әлия, Мәншүк» алаңындағы скверді жөндеуге қатысты қала тұрғынының сұрағына жауап берді.

Қала тұрғыны «Әлия мен Мәншүк» алаңындағы скверді қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуін күтіп жүргенін айтты.

«Мені саябақтың жоғарғы бөлігінде Панфилов көшесіне жақта «Аққу» дәмханасын қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған жеке учаскенің мәселесі де қызықтырады. Бұл жұмыс қалай жүргізіледі, онда Қызыл кітапқа енген 100 жылдық емен бар. Мұның бәрін бақылау керек. Сирек кездесетін ағаштарды сақтау керек, сондай-ақ шыршаларды дұрыстап қайта отырғызу керек», - деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев өткен жылы скверді жөндеуге қаржыны бөлінгенін, алайда, мердігер «Шах» құрылыс компаниясы осы жоба мен келесі жылы абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты тағы екі жоба бойынша сенімді ақтамағанын айтты.

«Біз сотта жеңдік. Ақпан айында экология басқармасы жаңа байқау өткізеді. Биыл жұмысты бітіреміз деп үміттенеміз. Өкінішке қарай 2023 жылы жөндеуге бөлінген қаржыны 2024 жылға ауыстыруға мәжбүр болдық. Бұрын мақұлданған және келісілген жоба сол күйінде қалады. «Аққу» дәмханасына келсек, ол тарихи келбетін сақтайды. Біз субұрқақты, сонымен бірге ағаш отырғызуды сақтадық. 2023 жылдың соңында қажетті жабдықты сатып алдық. Алмалы ауданының Жасыл комиссиясымен бірге әрі қарай не істеу керектігін ойластырайық. Жобаның сквермен өзара үндесуін қамтамасыз етеміз», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Ерболат Досаев өткен жылдың соңына дейін Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова алаңы жөнделіп, абаттандыратынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар